КҚТДО инспекторлары бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысты
Ағымдағы жылғы 18 мамырда облыс жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқармасының Жастар бастамаларын дамыту орталығында ЖОО-ның және Павлодар қаласы колледждерін бітірушілер үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді.
Іс-шарада конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының инспекторлары діни экстремизмнің және терроризмнің таралуын ескертуге, сондай-ақ жастар арасында антирадикалдық иммунитетті дарытуға бағытталған әдістемелік әдебиетті (буклеттер, кітапшалар) таратты.