КҚТДО инспекторлары бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысты

 1086

Ағымдағы жылғы 9 маусымда облыс жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқармасының Жастар бастамаларын дамыту орталығында экономика және құқық мамандықтарының түлектері үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді.

Іс-шарада конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының инспекторлары діни экстремизмнің және терроризмнің таралуын ескертуге, сондай-ақ жастар арасында антирадикалдық иммунитетті ұялатуға бағытталған әдістемелік материалдар (буклеттер, кітапшалар) таратты.