КҚТДО қызметкерлері Павлодар облысының Ақсу қаласында профилактикалық іс-шаралар өткізді

 1083

2017 жылғы 27 сәуірде Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы Ақсу қаласында профилактикалық іс-шара өткізді. «Діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алу» тақырыбына семинар Ақсу қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлеріне (ведомстволық бағыныстағы ұйымдары), дене тәрбиесі және спорт бөлімінің қызметкерлеріне (ведомстволық бағыныстағы ұйымдары), Павлодар облысы ТЖБ Ақсу департаменті пробация қызметіне (пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға), «Ақсу су арнасы» МҚК қызметкерлеріне және Жаяу Мұса атындағы колледж студенттеріне арнап ұйымдастырылды.

Семинарға лектор ретінде Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы Зәкәриянов Д.Қ., тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, КҚТДО директоры Раздықова Г.М., орталықтың бас сарапшысы, теолог Бердімұратов Жолдас қажы, ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Асанбаева З.Ө. қатысты.

Семинарда мемлекеттік-конфессионалдық саясат және Қазақстандағы толеранттылық, тыйым салынған экстремистік және террористік ұйымдар, экстремистік және деструктивтік ұйымдарда сананы бақылау және еркіне бағындыру әдістері мен нысандары, әлеуметтік желілердегі және интернет ресурстардағы ақпараттық қауіпсіздік шаралары туралы мәселелер қаралды.

Семинар соңында қатысушыларға әдіснамалық әдебиет табыс етілді. Семинарда алынған білімдер жастардың бойында әлеуметтік белсенділікті және азаматтық позицияны қалыптастыру бойынша бірқатар мәселелерді шешуге ықпал етері сөзсіз.