«Конфессияара-лық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы»

 863

Діни экстремизм және терроризм проблемасы қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі. Осыған байланысты радикализацияға, тұрғындар арасында экстремистік көңіл күйдің таралуына соқтыратын діннің дәстүрлі емес түрлерінің ықпалын төмендетіп, жоюға бағытталған іс-шараларды әзірлеу мәселесі өткір қойылып отыр.

Күшейтілген және тиімді жұмыс жүргізу мақсатында «Конфессияара-лық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС Павлодар облысы бойынша ҚТЖ департаментінің, денсаулық саласының, мектептер мен колледждердің психологтары, оңалту жұмыстарын өткізетін имамдар үшін «Жалған діни және деструктивтік ағымдардың құрбандарын оңалтудың жаңа нысандары мен әдістері» ғылыми-тәжірибелік конференциясын  өткізді.

Конференция идеялардың таралу проблемаларымен, сондай-ақ деструктивтік ағымдардың ықпалына түскен тұлғалармен жұмыстың ерекшелігімен шұғылданып жүрген білікті мамандардың қатысуымен өткізілді. «Тұмар» психологиялық орталығының психологі, ҚР Президенті жанындағы МБА және БА, ҚазМБИ жанындағы қауіпсіздіктің және арнайы бағдарламалардың оқытушы-жаттықтырушысы, Қазақстан психологтары қауымдастығының жаттықтырушы-супервизоры Минакова Анна Борисовна деструктивтік діни ұйымдар адептілерімен жұмыстың практикалық психотехникасын, Қарағанды облыстық мешітінің  наиб имамы Құрманов Серік Амантайұлы деструктивтік ағымдардың адам тұлғасына ықпал ету әдістерін көрсетті. Қостанай қ. психологтар қауымдастығының психологі Беспалько Наталья Викторовна тоталитарлық деструктивтік ұйымдардың қызметіне тәуелділікке түскен тұлғаларды оңалтудың негізгі кезеңдері туралы әңгімеледі.