Көшпелі семинар Щарбакты ауданының тұрғындарымен профилактикалық кездесу

 833

Ағымдағы жылғы 16-17 тамызында «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС директоры Раздықова Г.М. және теолог Бердымуратов Ж.К. Щарбақты ауданы: Шегірен, Есілбай, Арбиген, Галкино, Шарбақты, Хмельницкий ауылдарда оқушыларымен, мұғалімдер, мемлекеттік қызметшілер, жастар және ауыл тұрғындарымен: «Тұрғындарды жалған діни ұйымдардың және деструктивтік культтерге тартудың алдын алу» тақырыбына кезекті профилактикалық кездесу өткізді.

Ол қазіргі діни экстремизмнің және терроризмнің өзекті проблемалары, олардың  қатарына тарту әдістері, соның  ішінде  жасөспірімдер мен жастар арасында  интернет-ресурстар арқылы тартылудың қауіптілігі туралы әңгімеледі. 

Раздықова Г.М. жалған діни ұйымдар кейбір жағдайларда заңды бұзатындығына, адамдарды өз ұйымдарында ұстау үшін бопсалауды пайдаланатындығына назар аудартты.

Бердымуратов Ж.К. дін негіздерін білмеу үлкен адасушылыққа соқтыратынын ескертті. Оқушыларды өздеріне және жақындарына сақ болуға шақырды. Тыңдаушыларға әдістемелік әдебиет таратылып және «Ата-анаға құрмет»,  «Опасность интернет вербовки», «Чужая война» фильмдері  көрсетілді.