Көшпелі семинар Успен ауданы медицина қызметкерлерімен профилактикалық кездесу

 1024

Ағымдағы жылғы 19 мамырында ақпараттық-түсіндіру жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы Асанбаева З.Ө. Успен аудандық медицина қызметкерлерімен «Тұрғындарды жалған діни ұйымдардың және деструктивтік культтерге тартудың алдын алу» тақырыбына профилактикалық кездесу өткізді.

Діни мәселелері қандай заманда болмасын қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды күрделі мәселелердің бірі болып келгенің және кеңестік идеология қирағаннан кейін діннің қоғамдағы орны және атқаратын қызметі түбірлі өзгерістерге ұшырағаның жеткізді. Қазіргі кезенде дін қоғамның әлеуметтік және рухани өмірінің маңызды құрамы. Дін арқылы адамдар өздерінің дәстүрлі құндылықтарын қайта жаңғыртуға талпыныс жасауда.

Лектор дін негіздерін білмеу үлкен адасушылыққа соқтыратынын ескертті. Қатысушыларға өздеріне және жақындарына сақ болуға шақырды және әдістемелік әдебиет таратылып фильмдер «Опасность интернет вербовки», «Чужая война» фильмдері  көрсетілді.