ҚР ҰҚК шекара қызметінің 2033 әскери бөлімшесі басқармасының жеке құрамы семинар
КҚТДО ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы З.Ө. Асанбаева және орталықтың теологі Ж.Қ. Бердімұратов ҚР ҰҚК шекара қызметінің 2033 әскери бөлімшесі басқармасының жеке құрамы үшін «Антирадикалдық иммунитет – діни экстремизмге және терроризмге қарсы тұрудың негізі» тақырыбына семинар өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға діни радикализм идеяларының қауіптілігі және жалдау әдістері туралы айтылды. Сондай-ақ жеке құрамға «Чужая война» бейнефильмі көрсетіліп, әдістемелік әдебиет таратылды.