ҚР ҰҚК ШҚ № 2033 әскери бөлімшесінде семинар

 1170

2017 жылғы 21 ақпанда ҚР ҰҚК ШҚ № 2033 әскери бөлімшесінде бас теолог-сарапшы Бердімұратов Ж.Қ. қатысуымен «Терроризм идеяларына қарсы іс-қимыл және терроризмге қарсы насихаттың әдістері» тақырыбына офицерлер құрамы мен шарт бойынша жұмыс атқарып жүрген әскери қызметшілерге арналған профилактикалық кездесу өткізілді.

Терроризм (латин тілінде TERROR – үрей, қорқыныш) – қылмыскерлердің билік беделіне нұқсан келтіріп, халықаралық қарым-қатынастарды шиеленістіру, мемлекет пен корпорацияларды саяси және экономикалық  бопсалау. Терроризм өз ауқымы бойынша өте қауіпті, алдын ала болжамданбайтын және көптеген қоғамдық-саяси мәселелердің салдарына соқтыратын ағым. Бүгінгі күні терроризм – жеке дара диверсанттар, самолеттерді басып алушылар және шахидтер-камикадзе ғана емес.

Қазіргі терроризм – көптеген салаларға бөлінген мықты құрылым. Бүгінгі күні әлемде 500-дей рұқсат етілмеген террористік ұйым бар.