Лаңкестік актілер құрбандарын еске алу күні

 1015

Ағымдағы жылғы 11 қыркүйекте Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері  Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің  студенттерімен кездесу өткізді. 

Бұл кездесу кездейсоқ өткізілген жоқ. 2001 жылғы  11 қыркүйекте  әлемді дүр сілкіндірген  қайғылы оқиға болды. Калифорнияға  Логан, Даллес және  Ньюарк  әуежайларынан  ұшқан төрт авиалайнерді аспанға көтерілгеннен кейін бір уақытта дерлік лаңкестер  басып алған. Террористер осы лайнерлердің екеуін  Нью-Йорктегі Манхеттеннің  оңтүстік бөлігіндегі сауда орталығына бағыттаған. Соның нәтижесінде екі мұнара жан-жағындағы үйлерге де үлкен нұқсан келтіріп, құлап түсті. 2977 адам террористік актінің құрбаны болды. АҚШ–тың және басқа да 91 елдің азаматтары қаза тапты.

Лаңкестік актілер  құрбандарын еске алу күні  студенттерге әр түрлі экстремалды  жағдайларда өздерін қалай ұстау, деструктивтік діни ағым-дардың  және басқалардың торына түсіп қалмау жөніндегі    ақпарат  берілген үнпарақтар таратылды.