Май ауданының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған оқыту семинары

 919

А.ж. 30 сәуірінде Май ауданының ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинары өткізілді.

Семинарда дәріскерлер ретінде сөз сөйледі: Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы Дәулет Зәкәриянов, «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ бөлім басшысы Зайда Асанбаева және теолог Асылхан Батырханов.

Семинарда ҚР аумағында тыйым салынған экстремистік және терро-ристік ұйымдар, әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстардағы ақпараттық қауіпсіздік шаралары сияқты мәселелер қаралды. Ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ)  мүшелеріне әдістемелік және өзге де көмек көрсету КҚТДО қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Қатысушылардың пікірінше, аталған семинарды ұйымдастыру АТТ мүшелерінің жергілікті жерлердегі кәсіби құзыреттілік деңгейін көте-руге мүмкіндік береді.