Май ауданының Дін мәселелері бойынша АТТ мүшелеріне арналған семинар

 969

2021 жылғы 1 сәуірде «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы»  КММ ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы З.Ө. Асанбаева және сарапшы-теолог А. К.Қылышев Май ауданының Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне семинар өткізді.

Семинардың мақсаты өңірдегі дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, мемлекеттің зайырлылық негіздерін нығайту, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу болып табылады.

Семинарда азаматтардың дін саласындағы құқықтық мәдениетін қалыптастыру; конфессияаралық және конфессияішілік негізде болуы мүмкін даулардың алдын алу және ескерту, Қазақстанда мемлекеттік құрылымның зайырлылық қағидаттарын нығайту, қоғамда діни экстремизм және терроризм идеологиясының таралуының алдын алу сияқты мәселелер қаралды.

Семинар соңында қатысушыларға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті әзірлеген әдістемелік материалдар таратылды. Семинар жергілікті тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған.