Май ауданының Малайсары, Саты, Ақшиман, Ақжар ауылдарының мектеп оқушыларымен кездесу

 2542

Экстремистік ұйымдар лидерлерінің  адамдарды, әсіресе жастарды  діни экстремистік ұйымдардың  қатарларына тартуға мүдделі екендігі  жасырын емес.

Осыған байланысты барлық мемлекеттер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін де  мемлекет пен қоғамның  бұдан әрі дамып, өркендеуін қамтамасыз ету мақсатында жастардың діни экстремистік ұйымдардың насихаттарының ықпалына  қарсы тұрақты иммунитетін қалыптастыруы  өзекті мәселе болып отыр.

Өз дінінің негіздерін білмеу үлкен адасушылықтарға әкелетіндігі жайлы айтылды.  Ұйымдастырушылар кездесуге  қатысушыларды  өзіне және  өз жақын-туыстарына мұқият болуға шақырды. Оқушыларға  әдістемелік әдебиет тараталып, «Опасность интернет вербовки», «Чужая война» фильмдері және «Сенім телефоны 62-01-01» бейнеролигі көрсетілді.