Мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы өзекті тақырып-тарды үздік жариялауға журналистер арасындағы конкурс туралы ЕРЕЖЕ

 922

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы өзекті тақырыптарды үздік жариялау конкурсын журналистер арасында Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы өткізеді.  

Байқаудың мақсаты-тұрғындар арасында  деструктивті радикалды идеялардың таралуының алдын алу, Павлодар облысы тұрғындарының толерантты санасын қалыптастыру, дәстүрлі діндердің құндылықтары мен қағидаттарын насихаттау, БАҚ өкілдерін дін мәселелеріне қатысты оқиғаларды әділ және бейтарап жариялағаны үшін ынталандыру.     Конкурсқа қатысуға Павлодар облысының көрсетілген кезеңде берілген тақырыпқа жарияланымдары бар (қазақ және орыс тілдерінде) барлық тілек білдіруші журналистері шақырылады. Осы конкурстың қорытындысы бойынша нәтиже:- дін мәселелерінде еркін бағдарланатын және өңірде болып жатқан діни үдерістерді жариялау мәселелерінде белгілі бір білім алатын журналистер пулын құру;- осы мәселеге, әсіресе жастар ортасында, жарияланымдар арқылы жұртшылықтың назарын аудару. 

Жарияланым талаптары: - барлық жарияланымдардың мазмұны діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алуға бағытталуы тиіс. - Қазақстандық толеранттылық моделінің өзекті ерекшеліктерін, түрлі діни конфессиялардың, қатардағы дінге сенушілердің өзара қарым-қатынастарын бейбіт қарым-қатынастың үлгісі ретінде ашу.                  

Конкурстық іріктеудің көрсеткіштері мен тәртібі Конкурс жеңімпаздарын қазылар алқасы келесі көрсеткіштер бойынша ұсынылған материалдар негізінде анықтайды:

- материалдың ақпараттық қанықтылығы, тақырыпты жариялау тереңдігі;- тұрғындардың  білім деңгейін зерттеу және талдау; -дін туралы жазатын журналист осы тақырыпты еркін меңгеруі    

-дін мәселелері бойынша заңнамалық базаны білуі;        

-берілген тақырыпқа материалды дайындау кезіндегі кәсіби деңгейі;

- баяндау стилі, аудиторияға әсер ету күші.

Номинациялар

Конкурс үш номинациядан тұрады:

- «Үздік мақала, баспалық басылымының материалы»;

- «Үздік теле-радио хабарлар»;

- «Интернет-сайттың үздік материалы».

Жеңімпаздарды марапаттау

Жоғарыда аталған номинациялардың әрқайсысында жүлделі 1, 2, 3 -орын беріледі. Жүлделі орын алған қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады:

–1 орын-смартфон;

- 2 орын-фотоаппарат

–3 орын-кәсіби диктофон.

Конкурстың барлық лауреаттары естелік дипломдармен марапатталады.

Конкурстың атқарушы органдары

Конкурсты дайындау және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құры-лады, ол конкурсқа қатысудың өтінім үлгілерін, конкурстық материалдарды бағалау өлшемдерін , өтінімге қоса берілетін материалдар тізбесін, Конкурс қорытындыларын бекітеді. Ұйымдастыру комитетін облыс ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары басқарады.

Ұйымдастыру комитеті келесі міндеттерді орындайды: - байқауды ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады; - конкурсқа қатысушыларға өтінімдерді толтыру және конкурсты өткізудің ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес береді;- келіп түскен өтінімдердің есебін жүргізеді және оларды конкурстық комиссия мүшелерінің қарастыруын ұйымдастырады; - конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімін дайындауды ұйымдастырады; - конкурстық комиссияның қарауына түскен материалдарды қабылдау және жариялау бойынша сайттың жұмысын ұйымдастырады.

Конкурсқа түсетін өтінімдерді бағалау үшін мынадай міндеттерді орындайтын Конкурстық комиссия құрылады: - келіп түскен өтінімдерді талдайды және бағалайды;- әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

Конкурсты өткізу мерзімі мен шарттары

Конкурс 2020 жылғы « 05»тамыздан 2020 жылғы « 01» желтоқсанға дейін өткізіледі. Конкурсқа мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған және эфирге шыққан телевизия және радио хабарлары, сондай-ақ көрсетілген кезеңде интернет-сайт материалдары ұсынылуы мүмкін.

 Конкурстық өтінімнің құрамына: - Жарияланған материал (газет қиындылары немесе газеттердің өздері, аудио және бейне жазбалар, интернет-сайт материалдарының скриншотта-ры); - Қатысушы туралы деректер (т. а. ә., басылымның атауы, материалдың жарияланған күні, жұмыс орнынан анықтама); - Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтарылмайды. Конкурстың қорытындысын шығару бойынша қазылар алқасының отырыстары жабық болып табылады. Ұйымдастырушылар қабылданған және жарияланған шешімдерге түсініктеме бермеу құқығын өзіне қалдырады. Конкурстық комиссия мүшелері үздік материалдарды іріктегеннен кейін конкурс жеңімпаздарының есімдері анықталатын болады.

Конкурсқа ұсынылатын материалдар электрондық мекенжайға жіберілуі тиіс: carmo.pvl@mail.ru  жарияланған материалдың скриншоттары немесе фотосуреттері қоса беріліп, сілтемелері көрсетілуі (егер материал сайтта жарияланған болса) қажет.