«Мен татулық пен толеранттылықты қолдаймын»

 1901

 

Мектеп оқушылары конфессияаралық келісімінің моделін насихаттау бойынша «Мен татулық пен толеранттылықты қолдаймын» шығармашылық жұмыстарының облыстық конкурсын өткізу туралы

ЕРЕЖЕЛЕР

Жалпы ережелер

1.1 «Мен татулық пен толеранттылықты қолдаймын» шығармашылық жұмыстарының облыстық конкурсын өткізу туралы осы ереже (бұдан әрі –Ереже) мақсаттар мен міндеттерді белгілейді, ұйымдастырушылар мен қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, «Мен татулық пен толеранттылықты қолдаймын» шығармашылық жұмыстарының облыстық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) өткізілу мерзімдері мен кезеңдерін белгілейді.

1.2 «Павлодар облысы дін істері басқармасының «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС (бұдан әрі – КҚТДО) облыстық конкурстың құрылтайшысы, Павлодар облысының білім беру басқармасы қосалқы құрылтайшысы болып табылады.

1.3 «Мен татулық пен толеранттылықты қолдаймын» шығармашылық жұмыстарының облыстық конкурсы туралы барлық ақпарат КҚТДО-ның және Павлодар облысы білім беру басқармасының http://carmo-pvl.kz, http://edupvl.gov.kz сайттарында орналастырылады.

 

Мақсаттары және міндеттері

2.1 Конкурстың мақсаттары: оқушылардың конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін насихаттау жөніндегі идеяларын іске асыруға ықпал ететін жағдайлар жасау, жасөспірімдер мен жастардың бойында толеранттылық дүниетанымды қалыптастыру.

2.2 Конкурстың міндеттері:

- Конкурсқа қатысушыларға діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алу мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге мүмкіндік беру;

- Неғұрлым талантты және дарында студенттерді іріктеу және қолдау;

- Жастар арасында Қазақстан халқының дәстүрлері мен мәдени мұрасына сәйкес сананы қалыптастыру;

- Жастарды ұлттық, рухани және діни дәстүрлерді насихаттауға тарту;

- Оқушылардың аналитикалық және зерттеу қабылеттері мен дағдыларын ынталандыру;

- Авторлық тақырыптық жұмыстар жасау дағдыларына үйренулері үшін жағдайлар туғызу.

 

Өткізу шарттары

3.2 Конкурсқа 9-11 сыныптардың оқушылары жіберіледі (білім беру мекемесінің растау анықтамасы, ХҚО мекенжай туралы анықтамасы ұсынылады).

3.3 Жұмыстар жеке немесе ұжыммен орындалуы мүмкін (3 адамнан аспайтын).

3.4 Конкурс шеңберінде орындалған жұмыстарға авторлық құқықтар сақталады, сондай-ақ «КҚТДО» ЖШС конкурсқа ұсынылған жұмыстарды тұтас немесе өз мақсатында ішінара қолдана алады.

3.5 Авторлар материалдардың мазмұнына толық жауапкершілікті көтереді. Конкурстың ұйымдастырушыларына авторлардың және/немесе үшінші тұлғалар мен ұйымдар алдында материалдардың көшіру нәтижесіндегі нұсқаларының басқа Интернет-ресурстарда орналастырылуына жауапкершілік жүктелмейді.

3.6 Конкурсқа ұсынылатын материалдар жалпыға ортақ қабылданған этика нормаларына және ҚР заңнамасына қайшы келмеуі қажет, сондай-ақ материалдар басқа құқық иеленушілердің авторлық құқықтарын бұзбауы керек.

3.7 Конкурсқа ұсынылған барлық материалдар «КҚТДО» ЖШС-ның және облыс білім беру басқармасының сайттарында ашық қолжетімді болып орналастырылады.

3.8 Конкурста ұйымдастырушылық жарнасы алынбайды.

3.9 Конкурсқа жіберілген материалдар қайтарылады.

4.0 Үздік жұмыстар КҚТДО-ның сайтында орналастырылады.

4.1 Конкурсқа ұсынылған материалдар мына мекенжайға жіберіледі: Павлодар қаласы, Карл Маркс көшесі, 202/5, анықтама телефоны: 62 -88 -43.

 

Шығармашылық жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптар

Ұсынылған жұмыстар конкурстың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес болулары қажет.

4.1 «Біз әр түрліміз, бірақ біргеміз» тақырыбы бойынша суреттердің немесе қолдан жасалған жұмыстар конкурсында мына мәселелер көрсетілуі керек:

- Қазақстан – көп конфессиялы мемлекет.

- Бәрі әртүрлі-бәрі тең

- Толеранттылық дегеніміз не?

- Достық – көп ұлтты түсінік

- Мен өз халқымның ұлттың дәстүрлерін мақтан етемін

- Қазақстан діндер үндесуінің әлемдік орталығы

- Жастар арасындағы экстремизмді қалай жеңуге болады?

 

4.2 «Дәстүрлі діндер – азаматтық татулықтың және демократиялық қоғамның негізі» тақырыбы бойынша эсселер және өлеңдер конкурсында мына мәселелер көрсетілуі қажет:

- Дәстүрлі емес діни ағымдар – қоғамға қауіп төндіреді

- Қазіргі қоғамдағы діннің рөлі

- Жастар арасында діни экстремизмнің пайда болу себептері

- Діни атрибутиканың қазіргі қоғамдағы рөлі

- Діни ұйымдар арқылы құндылықтар жүйесін қалыптастыру жолдары

- Қазақстан діндерінің тарихы

- Қазақстандық қоғамның толеранттылық дәстүрлері

Эссе А-4 форматының 2 парағынан аспайды, шрифт Times New Roman, мөлшері 14, жоларалық интервал 1,5. Материалдар баспа түрінде және электрондық жеткізушілерде ұсынылады.

4.3 «Қазіргі жастардың рухани-адамгершілік құндылықтары» бейнероликтері электрондық жеткізушілерде ұсынылады, 3 минуттан 10 минутқа дейін. Онда мынадай аспектілер көрсетіледі:

- Қазіргі жастардың рухани таңдауы

- Мен терроримге және діни экстремизмге қарсымын

- Мен өз тарихымды, мәдениетімді және дәстүрлерімді білемін

- Мораль және парыз деген не ?

Жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.

 

Шығармашылық жұмыстарды бағалау критерийлері

5.1 Жұмыс мына критерийлерге сай болуы қажет:

1) мазмұндылығы және Конкурстың мақсаттарына сай болуы;

2) тарихи нақтылығы, шыншылдығы және қисындылығы;

3) рухани-адамгершілік бағыттарды насихаттау;

4) бірегей идеялар, шығармашылық ойлар және оны көрсете білу;

5) көркемділік деңгейі

6) ҚР мемлекеттік-конфессионалдық саясатының негіздерін білуі.

5.2 Балдарды есептеу:

- мәтіндік ақпараттың мазхмұны: мазмұн тұтастығы, баяндаудың бірізділігі, ең жоғары баға - 10 балл;

- конкурстық материалдарды ресіммдеудің айрықша болуы, ең жоғары баға - 10 балл;

- конкурстық материалдарды ресімдеу эстетикасы, ең жоғары баға - 10 балл;

- ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптардың сақталуы ең жоғары баға - 10 балл;

- Қазақстан Республикасы мемлекеттік-конфессионалдық саясатының негіздерін білу - 10 балл.

Ең көп балл саны -50.

5.3 Конкурстық комиссияның қорытындылары берілген кесте Орталықтың сайтында жарияланады.

 

Қатысушылардың құқықтары мен  міндеттері

6.1 Барлық қатысушы осы ереженің шарттарын орындауға міндеттенеді.

6.2 Конкурсқа қатысуға жіберілмейді:

- жарнамалық мазмұндағы жұмыстар;

- сапасы нашар жұмыстар;

- жағымсыз мазмұндағы, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, азаматтардың жеке топтарының намысын, соның ішінде, діни негізде қорлайтын, ҚР заңнамасына қайшы мазмұндағы материалдар;

- авторлық құқықтары басқа тұлғалардікі болып табылатын материалдар (қатысушы конкурсқа жіберілген материалдарға жеке мүліктік емес және айрықша мүліктік  құқықтарына кепілдік беруі қажет).

6.3 Ұйымдастырушылар  қатысушы өзі туралы жалған ақпарат берсе немесе конкурсты өткізу тәртібін бұзған болса, оған жүлде беруден бас тартады.

 

7.    Өткізілетін мерзімі және орны

7.1 Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі 2016 жылғы 1 наурызға дейін

7.2 Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы 2016 ж. 18 сәуірде болады.

7.3 Шығармашылық жұмыстар 2016 ж.1 наурыздан бастап 8 сәуірді қоса алғанда Павлодар қ., Карл Маркс көшесі,202/5, тел. 62-43-54 мекенжайында қабылданады. 

 

8.   Конкурстың жеңімпаздарын анықтау

8.1 Конкурстық комиссия үш жеңімпазды анықтайды және 1,2,3-орындарды береді.

8.2 Конкурстың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады. Конкурстық комиссияның шешімі бойынша жеке номинациялар шеңберінде арнайы жүлделі орындар берілуі мүмкін.

8.3 Жюри мүшелері үздік материалдарды іріктегеннен соң жеңімпаздарды белгілейді. Салтанатты марапаттау алғанда Павлодар қ., Карл Маркс көшесі,202/5 мекенжайында өтеді.

 

Конкурстық комиссияның құрамы:

Зәкәриянов Дәулет Қоқанұлы – Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы, комиссия төрағасы;

Қадырова Самал қанатқызы – облыс білім беру басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы, төрағаның орынбасары.

Раздықова Гүлназ Мақсұтқызы – КҚТДО директоры, комиссия мүшесі;

Бекбергенова Самал Ержанқызы – облыс білім беру басқармасының «Білім мен тәрбиені дамытудың инновациялық орталығы» тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кабинетінің меңгерушісі;

Серменова Рауана Бақытқанқызы – облыс білім беру басқармасының «Ақпараттық технологиялар орталығы» бағдарламалық-желілік бөлімінің бастығы

Қабдоллинова Лаура Бектемірқызы- КҚТДО инспекторы, комиссия хатшысы