№ 25 ЖББМ «дөңгелек үстел»

 1377

Павлодар қ. № 25 ЖББМ 17 ақпанда «Жастар арасында діни экстремизмді алдын алу» тақырыбына 9 класс оқушыларының, тарих және дінтану пәндерінің мұғалімдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті. Диалогқа облыс дін істері басқармасының басшысы Д.Қ. Зәкәриянов пен Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының теолог-маманы Р.Ж. Чингужанов қатысты.

Іс-шара мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасында радикалды діни идеялардың таралуын алдын алу, олардың дін жөнінде білімдерін арттыру, оқытылушылардың қазақ халқының ұлттық, рухани және діни дәстүрлерін сақтау мен қолдануға бағдарлау.

«Дөңгелек үстел» модераторы тарих және дінтану мұғалімі Н:Ө. Омарова болды. Дискуссия шеңберінде «Алданған әйел» көркем фильмі көрсетілді.

Диалог нәтижесі бойынша Д.Қ. Зәкәриянов пен Р.Ж. Чингужанов «дөңгелек үстел» қатысушыларының сауалдарына жауап берді.