№10 мектеп-лицей педагогтарына арналған семинар

 1365

Педагог  жандар - ең мейірімді мамандықтың иелері. Әрине, сондықтан да ұстаздың  адам өміріндігі рөлі орасан зор екендігі сөзсіз. Ұстаз бізге білім әлемін ашушы ғана емесе, ол  шәкірттерін өмір шындықтарын дұрыс қабылдап, санамен зерделеуге үйретеді, терең ойлауға, шығармашылық қабылеттерін дамытуға баулиды. 

2017 жылғы 24 ақпанда  ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Асанбаева З.Ө. Абай атындағы дарынды балаларға арналған  № 10 мектеп-лицей  педагогтары үшін «Терроризм идеологиясына  қарсы іс-қимыл және  антитеррористік насихаттың әдістері» тақырыбына  арналған семинар өткізді. Лектор қазіргі заманғы діни  экстремизмнің және  терроризмнің өзекті мәселелері, сондай-ақ  адамдарды өз қатарларына, соның ішінде интернет ресурстар арқылы тартудың   тактикалары мен әдістері туралы әңгімеледі.

Асанбаева З.Ө. оқушылар арасында деструктивтік діни идеялардың таралуына жол бермеу  бойынша мұғалімдердің ата-аналармен  профилактикалық іс-шаралар өткізу  әдістемесін түсіндірді.