Облыс діни бірлестіктері жастарының арасында Волейболдан өткен І өңірлік турнир

 1003

2017 жылғы 26 сәуірде Павлодар қаласында тұңғыш рет облыс діни бірлестіктері жастарының арасында волейболдан І өңірлік турнир өткізілді.

Бір алаңда бес спорт командасы күш сынасты. Турнирге Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы  орталық мешіттің, «Ақ мешіттің», Павлодар қаласы Жетінші күні христиан Адвентистер шіркеуінің, Евангелие Христиан Баптистердің «Шындық» командалары және Павлодар облысы дін істері басқармасының және конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының командалары қатысты.

Турнирді дін лидерлерінің клубының бастамасы бойынша конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы ұйымдастырды. Спорттық іс-шара Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты спорттық базасының кешенінде өткізілді.

Турнирдің басты міндеттері – салауатты өмір салтын насихаттау, қазақстандық қоғамдағы зайырлылықты және толеранттылықты алға бастыру, діни бірлестіктердің мүшелерін өмірдің әлеуметтік-мәдени өміріне белсенді тарту.

Спорт залында бірнеше сағат бойы ең үздік команда атану үшін қызу ойын өтті. Ақырында Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы орталық мешіттің командасы жеңіске жетті.

Жарыс соңында жеңімпаздарға және жүлдегерлерге тұрмыстық техника сатып алуға сыйлық сертификаттары табыс етілді. Қалған командалар турнирге қатысқандары үшін грамоталармен марапатталды.