"Open air"

 875

Облыс дін істері басқармасының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері  адамдар көп жиналатын орындарда деструктивтік діни идеялардың алдын алу бойынша "Open air" форматында облыс орталығының тұрғындарына кітапшалар мен буклеттер тарату жұмыстарын жалғастыруда.

10 ақпанда КҚТДО инспекторлары "Квазар" сауда үйінің ауданында үнпарақтар таратты. Қала тұрғындарына жалған діни ұйымдардың алдауына  қалай түсіп қалмау және балаларын деструктивтік культтің ықпалынан сақтандыру жөнінде үгіт материалы, сондай-ақ сенім телефоны туралы ақпарат ұсынылды.