Орталық мамандары облыс оқытушыларына арналған жыл сайынғы тамыз конференциясына қатысты

 670

2021 жылғы 17 тамызда ZOOM алаңында Орталық басшысы Г. М. Раздықова және ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы З.Ө. Асанбаева жыл сайынғы тамыз конференциясына қатысты.

Г.М. Раздықова балаларды деструктивті культтерге тартудың алдын алу және деструктивті культтер мен жалған діни ұйымдардың белгілері туралы айтып берді. Лектор деструктивті культтер – бұл жеке адамның санасына теріс ықпал ететін, адам құқықтары мен бостандықтарын бұзатын, адамға моральдық және физикалық зиян келтіретін ұйымдар екендігіне назар аударды.

З.Ө. Асанбаева жалған діни деструктивті ұйымда болудың салдары туралы айтты. Ол жалған діни топтардың мүшелерімен кездесу кезіндегі адамның мінез-құлық ережелеріне тоқталды. Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының сенім телефонының жұмысы туралы мәліметті жеткізді.