Павлодар қ. ЖОБМ оқытушыларға арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері» профилактикалық семинары

 684

2021 жылдың 30 қыркүйегінде Павлодар қ.ЖОБМ «Зайырлылық және дінтану негіздері» оқытушылары үшін дін істері басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы С. Қ Құлжабаев, КҚТДО ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы З. Ө. Асанбаева және сарапшы-теолог Ж. К. Бертімұратов «Интернет желісіндегі жастар аудиториясына әсер етудің деструктивті тәсілдері» тақырыбында семинар өткізді.

Дәріскерлер деструктивті сипаттағы интернет-ресурстарға кіру қаупі неде және экстремистік сипаттағы материалдарды таратуда шамадан тыс қызығушылық неден туындайтынын айтты.

Семинарда орталықтың сенім телефоны көрсетілген ақпараттық-түсіндіру кітапшалары мен буклеттер таратылды.