Павлодар облысы дінтанушыларының I Форумы өтті

 1087

Ағымдағы жылғы 28 сәуірде «Достық Үйінде» Павлодар облысы дін істері басқармасының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ұйымдастырумен «Зайырлылық - қазақстандық қоғамда тұрақтылықты сақтаудың факторы ретінде» тақырыбына облыс дінтанушыларының I Форумы өтті. Форумның жұмысына «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» РММ директоры, Астана қ., философия ғылымдарының докторы, профессор Әбуов Айдар Парқұлұлы, Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы Зәкәриянов Д.Қ., «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Раздықова Гүлназ Мақсұтқызы, теолог, Павлодар қ. «Ақ Мешіт» имамы Бертымұратов Жолдас Қоспақұлы, иерей, Қазақстандағы орыс православ шіркеуінің білім және кахетизация бөлімінің басшысы Жданов А., мемлекеттік органдардың өкілдері және дінтанушылар қатысты.

Пікірталас алаңдарында бүгінгі күні өзектілігі және маңыздылығы артып отырған дін және дінге сену бостандығы проблемаларын зерттеудің, конфессияаралық және мемлекеттік-конфессияаралық қатынастарға байланысты көтерілген мәселелердің маңыздылығы аталды.

Қатысушылардың пікірлерінше, Форум Павлодар облысының мемлекеттік, қоғамдық, ғылыми, діни және басқа әлеуметтік маңызды институттарының кірігуі жолындағы басты қадам болды.