Павлодар облысы Май аудантұрғындарына ының арналған көшпелі іс-шаралар

 933

Терроризм – діни емес, әлеуметтік құбылыс. Алайда көптеген жағдайларда террористер өз мақсаттарын діни ұрандармен бүркемелейді. Олар діни парыздардың мазмұнынын бұрмалап түсіндіргендіктен, белгілі тұлғалардың діни терроризм туралы тұжырым жасауларына себеп болады.

Ағымдағы жылғы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері Май ауданында діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастады. Алғашқы күні бөлім басшысы Асанбаева З.Ө. және инспектор Мәжитов Р.К. колледжде, ауданның екі мектебінде, сондай-ақ Кеңтүбек ауылының тұрғындарымен төрт кездесу өткізді.

Тұрғындармен өткізілген кездесулерде деструктивтік культтердің және жалған діни ұйымдар қызметінің таралуының алдын алу жұмыстары, мемлекеттің экстремизм және терроризм мәселелері бойынша ақпараттық саясатының аспектілері жайлы сөз қозғалды.

Сонымен қатар аудан тұрғындарына жалған діни ұйымдардың қоғам санасына тигізетін деструктивтік ықпалы туралы ақпарат жеткізілді. Дәстүрлі және дәстүрлі емес исламға қатысты мәселелер қаралды. Қазақстан Республикасының дін мәселелері жөніндегі заңнамалық базасын түсіндіруге, CARMO-PVL.KZ, ISLAM.KZ, MUSLIM.KZ сайттарының және 32-50-50 сенім телефонының жұмысына айрықша назар аударылды. Кездесулер барысында фильмдер көрсетіліп, әдістемелік әдебиет таратылды.