Павлодар облысы жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына, мұғалімдері мен педагогтарына арналған облыстық интернет-конференция

 978

2014 жылғы 5 мамырда ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Асанбаева З.Ө. облыс ІІД бірлесіп, № 4 ЖОБМ базасында Павлодар облысы жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына, мұғалімдері мен педагогтарына «Заманауи діни экстремизмге және терроризмге қарсы ақпараттық іс-қимыл» тақырыбына арналған облыстық интернет-конференция өткізді.

Онлайн-конференцияға облыстың 60 мектебі қосылды. Конференцияға облыс ІІД есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасының бастығы Қожабеков К.Е., жергілікті полиция қызметі ювеналдық полициясының бөлімше бастығы, полиция подполковнигі Қамзина Б.Т., психикалық денсаулықтың республикалық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкері Бикетова Л.А., салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері Сәкенов К.К. қатысты.

КҚТДО қызметкері толеранттылықты тәрбиелеу, діни антирадикалдық иммунитетті дамыту және айналадағы шындыққа шын көзімен қарау рухани жетіле түсуге, қазақстандық патриотизм сезімін нығайтуға ықпал ететіндігін атап, діни экстремизмнің және терроризмнің туындау себептеріне толығырақ тоқталды.

Егер Сіз немесе Сіздің туыстарыңыз деструктивтік культтердің ықпалына түскен болсаңыздар 8(7182) 32-50-50 сенім телефоны бойынша психологтың консультациясына жүгініңіз. Сондай-ақ Сіз біздің carmo-pvl.kz. сайтымыздан пайдалы ақпарат табуыңызға болады.