Павлодар облысында дін адамдары үшін отбасылық тимбилдинг ұйымдастырылды
2020 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Павлодар облысының прокуратурасы жастар қоғамдық бірлестігі «Адал»-мен бірлесіп ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Ислам дінін ұстанатын әйелдер мен балаларға арналған отбасылық тимбилдинг» әлеуметтік жобасын сәтті іске асырды.
Аталған тимбилдинг Қазақстанда 2013 жылдан бері аталып келе жатқан «Отбасы күні» мерекесімен тұспа-тұс келді.
Осындай іс-шаралар өңірдегі діни ахуалды сауықтыруға және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттауға ықпал етеді. Оның мақсаты – отбасылық қатынастарды нығайту және отбасылардың оң әлеуметтенуіне бағытталған спорттық – ойын – сауық, танымдық, мәдени және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру.
Жобаны іске асыру нысаны әйелдер және балалармен бірнеше іс-шаралар (тимбилдинг) өткізу болды. Мысалы, спорттық – эстафеталар, кросс, жаяу жорыктар; психологиялық – тестілеу, отбасын диагностикалау және түзетумен байланысты тапсырмаларды орындау; шығармашылық тимбилдинг – музыкалық, шығармашылық іс-шараларға қатысу, шеберлік сабақтарына қатысу; тимбилдинг – кеңес беру – отбасының психологпен жеке кездесулері.
Мақсатты аудитория ретінде аймақтағы мұсылман жамағаттарын білдіретін әйелдердін белгілі бір тобы таңдалды. Күздің жылы, шуақты ауа-райы олардың психологтармен және теологтармен ашық ауада кездесуіне, өздерімен балаларды бірге алып жүруге мүмкіндік берді, олармен де білікті мамандар жұмыс жасады.
Іс-шара соңында әйелдерге естелік сыйлықтар, ал балаларға тәттілер мен ойыншықтар табысталды. Қатысушылардың барлығы осындай іс-шаралар оларға сырттан жақсы қарауға көмектеседі, ал отбасылық команда құру форматы сенімді қарым-қатынасқа оң әсер етеді деген пікірде болды.
Іске асырылған жобаның негізіңде мүдделі мемлекеттік органдар жұмысында басшылыққа алатын әдістемелік ұсынымдар әзірленді.