Павлодар облысында діни қызметкерлерге түрмелердегі бүлікшіл ағынның жолын кесу тапсырылды

 914

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -  Павлодар облысының бас имамы Нариман Исенов діни қызметкерлерге түрмелерде бүлікшіл ағындардың жолын кесуді тапсырды,  деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Н. Исенов   Президенттің  Жолдауына байланысты өткен  семинарда Павлодар облысы бойынша діни басқарманың уәкілетті имамы ретінде бас бостандығынан айыру орындарында діни қызметкерлердің жұмыс істеуіне баса көңіл бөлуді тапсырды. Себебі «бүлікшіл ағындар нақ осы жерде байқалуда», - деп хабарлады павлодарлық Мәшһүр Жүсіп Көбеев атындағы мешіттің баспасөз қызметінен.

Бас имам Президенттің Жолдауына тоқтала келе,  әріптестерін қоғамды рухани-адамгершілік сауықтыру, мәдени, рухани тұтастықты сақтау бойынша міндеттермен таныстырды.

 «Жастарды рухани-адамгершілік бағытта тәрбиелеу біздің қоғам үшін өзекті проблема болып қала береді. Біз жастар бүлікшіл секталардың ықпалына түсіп қалмау үшін бар күшімізді жұмсауымыз қажет. Біздің бірлігімізге нұқсан келтіріп, бүлікке, дау-дамайға алып келетін  ағындармен күресті күшейтуіміз қажет», - деп атап өтті Исенов.

Облыс имамдары дін саласындағы жұмыстарды жақсарту, қоғамның рухани құндылықтарын нығайту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.

Источник: