Павлодар облысының дінтанушыларының IV облыстық форумы өтті

 1382

Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы «Дінтану сабақтарында оқушылардың терроризмге қарсы санасын қалыптастыру»  атты IV- облыстық дінтанушылар форумын ұйымдастырды.

Форумға мектеп мұғалімдері, «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының оқытушылары қатысты. Жастардың діни сауаттылығын арттыру және жастар арасында радикалды және террористік идеологияның таралуына жол бермеу бойынша алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруда үлкен практикалық және теориялық тәжірибесі бар еліміздің жетекші психологтары мен дінтанушылары онлайн – режимде спикерлер ретінде  сөз сөйледі Іс-шараға барлығы 80-ге жуық адам қатысты.

Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Зәкәриянов өзінің кіріспе сөзінде аймақ жастарының рухани қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды іс-шараның барлық спикерлері мен қатысушыларына алғысын білдірді. 

Форум барысында Қазақстан Республикасының психологтар және психотерапевтер ассоциациясының мүшесі Лола Шакимова «Иинтернет арқылы адептілерді тартудың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады.

Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының меңгерушісі, доцент, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышхан «Діни сауаттылық радикализмнің алдын алу ретінде» тақырыбында дәріс оқыды.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының профессоры, PhD, доцент Юлия Шаповал  «Дінтану пәнін оқытудың рефлексивті тәсілі антитеррорлық иммунитетті қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбында әңгіме өткізді.

Сарапшы-талдаушы мүшесі, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобынан дін мәселелері бойынша мүшесі  Ольга Гайко Қазақстандағы  жаңа діни бірлестіктер жайында не білу керектігін баяндады.

«Сарапшылар өз сөздерінде еліміздің оқу орындарында дінтану пәнін оқыту мәселелерін шешу бойынша практикалық ұсыныстар берді. Әсіресе, оқушыларға антирадикалды және лаңкестікке қарсы иммунитетті сіңіру жөніндегі ғылыми қауымдастықтың ұсыныстары құнды болып табылады», - дейді форум модераторы, КҚТДО басшысы  Гүлназ Раздыкова.

Форум жастардың діни сауаттылығы деңгейін арттыру үшін, жалған діни ағымдардың, сондай-ақ экстремизмнің және  терроризм идеологиясының ықпалын төмендету факторы ретінде өңірдің зайырлы оқу орындарында дінтану негіздерін оқыту сапасын арттыру мақсатында өткізіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қоғамдағы ағартушылық жұмыс  және халықтың  ұлттық-мәдени бірегейлігі тұрғысынан оның діни сауаттылығын арттыру ерекше маңызға ие. Осы орайда, қазіргі заманның барлық қауіп-қатерлерін ескере отырып,  оқытудың зайырлы принципін атап өткен жөн. Осы тұрғыда дін саласын дамытуда, дінаралық және конфессияаралық диалог пен толеранттылықты нығайтуда ескерту  және алдын алу шараларын қабылдау ерекше рөлге ие болады.

Форум барысында оқу орындарында дінтану курсының оқытушылары сарапшылар мен ғылыми қауымдастық өкілдеріне тікелей сұрақтар қойып, жауаптар алу мүмкіндігіне ие болды. «Зайырлылық және дінтану негіздер» жалпы білім беру курсын оқытумен айналысатын ғылыми-педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындығы мен біліктілігін арттыру саласындағы бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.