Павлодар облысының журналистері арасында бұқаралық ақпарат құралдарында дін тақырыбын үздік жариялау бойынша өткізілетін конкурстың ЕРЕЖЕСІ

 1228

Павлодар облысы журналистерінің арасында бұқаралық ақпарат құралдарында дін тақырыбын үздік жариялау бойынша (бұдан әрі-БАҚ-та) конкурсты Павлодар облысы дін істері басқармасының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы өткізеді.

Конкурстың мақсаты - өңірдің дін саласында тұрақтылықты сақтау, конфессияаралық келісімді нығайту, діни экстремизмнің, терроризмнің идеялары, деструктивті культтер ілімдері таралуының алдын алу, БАҚ-та тақырыпты объективті жариялай отырып, мемлекеттік-конфессионалдық қарым-қатынастардың принциптері туралы тұрғындарды кең ақпараттандыру, қазақстандық қоғамның рухани дәстүрлерін насихаттау.

Конкурстың міндеттері:

а) БАҚ-та дін және конфессияаралық қарым-қатынасты шынайы қамтамасыз ету;

б) қоғамда конфессияралық келісімді, толеранттылықты нығайту және облыс тұрғындары арасында антирадикалдық иммунитетті қалыптастыру;

в) тұрғындардың діни сауаттылығын және дін саласында өтіп жатқан үдерістер туралы ақпараттандырылуын арттыру;

г) жұртшылықты қазақстандық қоғамның ұлттық, рухани және діни дәстүрлерін насихаттауға тарту.

Конкурсқа мерзімді баспалық басылымдарда, Интернет-ресурстар беттерінде, теле- және радио арналарында қазақ және орыс тілдерінде дін тақырыбына белгіленген мерзімде материалдар жариялап, хабар шығаратын Павлодар облысының журналистері қатыса алады.

БАҚ-та жарияланатын және трансляцияланатын материалдарға қойылатын талаптар:

а) мақалалар мен хабарлардың мазмұны мемлекеттік конфессионалдық саясаттық ортақ принциптеріне, Қазақстандағы конфессиялар арасында қалыптасқан толеранттылық қарым-қатынас дәстүрлеріне сәйкес болуы керек;

б) Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының нормаларына қайшы келмеуі қажет, соның ішінде діни араздықты тудыратын діндердің бір-бірінен артықшылықтарын насихаттау, діни көзқарастары бойынша азаматтардың құқықтарына қысым жасау элементтері болмау керек;

в) материалдардың ақпараттық мазмұнының тереңдігі;

г) дінге табынушылардың сенімдеріне, облыс аумағында қызмет атқарып жатқан діни бірлестіктерге қатысты этикалық нормаларды сақтау.

Конкурстың жеңімпаздарын анықтау

Сайыс материалдарын құрамына облыс дін істері басқармасының, ішкі саясат басқармасының, конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының және Қазақстан журналистер одағы облыстық филиалының беделді өкілдері енгізілген конкурстық комиссия қарап, жеңімпаздарды анықтайды.

Конкурстың жеңімпаздары үш номинация бойынша анықталады:

а) «Облыстың мерзімді баспалық басылымындағы үздік жарияланым»;

в) «Үздік теле- радио материал»;

г) «Интернет желісіндегі үздік материал». Жоғарыда аталған номинациялардың әрқайсысында конкурстық комиссияның шешімі бойынша І, ІІ, ІІІ жүлделі орындар беріледі. Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады. Жеңімпаздарды наградтау рәсімі Рухани келісім күні қарсаңында өткізіледі. Конкурстың атқарушы органдары Конкурсты дайындау және өткізу үшін жұмыс тобы құрылады.

Оның функцияларына;

а) конкурсқа қатысуға арналған өтінімдердің үлгілерін және өтінімге қоса берілетін материалдардың тізімін бекіту;

в) конкурсқа ақпараттық сүйемелдеу көрсету;

г) конкурстық комиссияның отырысын дайындау;

д) конкурсқа қатысушыларға өтінімдерді толтыру және ұйымдастырушылық мәселелері бойынша консультация беру;

е) түскен өтінімдерге есеп жүргізу және оларды комиссия мүшелерінің қарауын ұйымдастыру;

ж) конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ұйымдастыру енеді.

Конкурсты өткізу мерзімдері мен шарттары

Конкурс 2016 жылғы 1 ақпан - 2016 жылғы 1 қазан аралығында өткізіледі.

Конкурсқа осы мерзімде жарияланған мақалаларды, телевизия және радиохабарларын, сондай-ақ интернет-сайт материалдарын ұсынуға болады.

Қатысушылар конкурстық комиссияның қарауына ұсынады:

а) жарияланған материал (газеттен қиылып алынған материалдар немесе газет, дыбыстық және бейнематериал электрондық жеткізушіде, интернет-сайттарының скриншоттары);

б) Қатысушы туралы мәліметтер (ТАӘ, БАҚ атауы, материалдың шыққан күні, жұмыс орнынан анықтама);

Конкурсқа жолданған материалдар қайтарылмайды.

Конкурстық комиссия қабылдаған шешімдері бойынша комментарий бермеу құқығын өзіне қалдырады. Конкурс материалдары Павлодар қаласы, К. Маркс көшесі, 202/5 тел. 62-88-43 мекенжайындағы Павлодар облысы дін істері басқармасының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығына ұсынылады.