Павлодар жастарына «Адасқандар» спектаклі көрсетілді
Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында екі күн бойы оқушы жастарға және қала тұрғындарына арналған «Адаскандар» спектаклі көрсетілуде.
Спектакльді Павлодар қаласының мектеп және колледж оқушылары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері мен әскери-техникалық мектептің курсанттары және әскери бөлімдердің әскери қызметшілері үшін конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы ұйымдастырды. Жыл сайын дәстүрлі қойылымға айналған спектакльге 2016 жылдан бастап, КҚТДО 4500-ден астам адамды тамашалауға шақырды.
Пьесаның сюжеті дәстүрлі емес дінді жақтаушылардың үгіттеуінен кейін Сирияның әскери іс-қимыл жүріп жатқан аумағына барған, олардың Отанына оралуға талпыныстары және қайғылы тағдырына құрылып, жас қазақстандық отбасының тарихын баяндайды. Спектакльді көрсетуді ұйымдастырудағы мақсат - жастардың бойында лаңкестікке қарсы сананы қалыптастыру.
«Бұл спектакльде дінді бүркеніп, адамдарды қалай алдап, террористік топтарға тартудың әдістері нық көрсетілген. Ең бастысы, бізге дәстүрлі құндылықтарды ұстану, өз Отанын, ата-анамызды сүюіміз керек. Ал дінді басқа елде іздеудің қажеті жоқ, бізде қазақтар ғасырлар бойы ұстанған дәстүрлі дініиімз, өз имамдарымыз, мешіттердегі ұстаздарымыз бар»,-дейді колледж оқушысы Марат Оспанов.
Көптеген адамдар спектакльді көрсеткеннен кейін КҚТДО қызметкерлеріне шақырғаны үшін алғысын білдіруде, онда исламмен бүркенетін жалған діннің шынайы тұлғасы көрсетілгенін, жақсы сценарийді, режиссураны, актерлердің тамаша ойынын атап өтті. «Ең бастысы, спектакль жастардың бойында деструктивті идеологияға қарсы иммунитет қалыптастырады», - деп атап өтті КҚТДО ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Зайда Асанбаева.