Павлодар жастарына экстремизмнің қауіптілігін түсіндірді
Павлодар облысының конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы «Парасат» консультативтік-әдістемелік орталығының директоры, дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Индира Беркімбаевамен жастар аудиториясы арасында бірқатар кездесулер ұйымдастырды.
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Дәстүрлі емес діни ағым-дар. Олар несімен қауіпті?» тақырыбына Павлодар жоғары басқару кол-леджінің студенттері үшін құқықтық лекторий өткізілді.
Күннің екінші жартысында Кенжекөл балалар ауылының педагогтары мен тәрбиеленушілерімен кездесу ұйымдастырылды.
Сарапшы Индира Беркімбаева студенттер мен оқушыларға жастарды экстре-
мистік террористік ұйымдарға итермелейтін деструктивті ағымдардың қаупі туралы айтып берді.
Индира Беркімбаеваның Павлодар облысына екі күндік сапары барысында «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің және «Ақмешіт» қалалық мешітінің әйелдер жамагаттарымен кездесу өтеді. Сонымен қатар, Б. Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледж оқушыларымен кездесу жоспарланған, онда Индира Келімбекқызы аудиторияға радикалды діни идеологияға қарсы им-мунитетті қалыптастыруға байланысты мәселелерді түсіндіретін болады.