Павлодарда діни экстремизм және терроризм тақырыбына ата-аналар жиналысы өтті

 2911

Павлодар қаласының №14 ЖОМ-да «Діни экстремизм және терроризм – болашаққа адам өміріне төнбейтін қатер» тақырыбына ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналысқа  Павлодар облысы дін істері басқармасының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы ақпараттық-түсіндіру жұмысы  бөлімінің басшысы Асанбаева З.Ө., мектептердің оқытушылары, мектептің ата-аналар құрамы, жалпы 50 адам қатысты. Іс-шараның мақсаты- оқушылардың ата-аналары арасында байланыс орнату арқылы жас ұрпақтың деструктивтік діни ағымдарға тартылуына жол бермеу.