Павлодарда «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тақырыбында семинар жүргізілуде
Павлодар қаласында Республикалық имамдар форумында қабылданған «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасы аясында арнайы ұйымдастырылған бір күндік семинар өз жұмысын жүргізуде.
Семинарға ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігіне қарасты барлық қала, аудан, кент, ауыл имамдары, наиб имамдары, ұстаздар, азаншылар және Павлодардағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің ұстаздары мен шәкірттері толығымен қатысуда.
Сонымен қатар семинар жұмысына ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы арнай келді.
Аталмыш іс-шараның медораторы облыс өкіл имамы Бертымұратов Жолдас семинар жұмысын ашық екендігін жариялағаннан кейін облыстық діни істер басқармасының басшысы Закарьянов Дәулет Қоқанұлы және облыстық конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Раздыкова Гүлназ Мақсұтқызы дін мен мемлекет, жат ағымға қарсы іс-шаралар бағытында қысқаша сөз сөйледі.
Келесі кезекте «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасының мақсаты мен мазмұны туралы дінтануші ғалым Сансызбай Құрбанұлы кең көлемде баяндама жасап, талқылануда.
Семинарға қатысушыларға арнайы сертификат берілді.