Павлодарда ІІІ аймақтық имамдар форумы– өтті
Павлодарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облыстық өкілдігі ұйымдастырған «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ аймақтық форум өтті.
Өңірлік форумға Павлодар облысы ауылдарының, аудандарының және қалаларының имамдары, сондай-ақ, «Әбу Бақр Сыддық» медресесінің және «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің жанындағы қари дайындау орталығының тәрбиеленушілері де қатысты.
ҚМДБ-ның рухани білім беру және кадрлар даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған Қазақстан мұсылмандары діни тұғырнамасы «Жеті рухани тірек», сондай-ақ «Діни қызметкерлердің діни жоралар тізілім»" және «ҚМДБ-ның діни қызметшілері лауазымдарының тізілімі» сияқтыі маңызды құжаттармен таныстырды.
Павлодар облысының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының басшысыі Гүлназ Раздыкова діни қызметкерлерге Сириядағы ұрыс қимылдарынан оралған қазақстандықтармен жұмыс істеу әдістері туралы әңгімеледі. Деструктивтік ағымның жолын ұстанған адамдар қазақ есімдерінен бас тартты, «тұсау кесу» және т.б. қазақ әдет-ғұрыптарын жек көрді. «Өз тәжірибемде бұл адамдар салафиттік уағыздаушылардың ықпалымен радикалданғанын көремін. Сондықтан Қазақстан мұсылмандарының «Жеті рухани тірек» рухани платформасының қабылдануын толық қолдаймын. Жастарды тек діни сауаттылыққа ғана емес, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу керек», - деп атап өтті Гүлназ Мақсұтқызы.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының айтуынша, рухани құндылықтар барлық уақытта мемлекеттің тірегі болып қала береді. Имамдарға біздің ата-бабамыздың бойында болған барша мұсылмандардың шынайы қасиеттерін тәрбиелеуге көп көңіл бөлу қажет. Соңғы жылдары деструктивті ағым өкілдері діндарлардың сыртқы белгілерін ғана көрсете отырып, исламның беделіне үлкен зиян келтірді.
«Қоғамдағы мұсылманның моральдық бейнесі, оның әрекеті оның ішкі нұсқауларына сәйкес келуі тиіс. Тек сол кезде ғана адамды Абайдың «толық адам» деген сөзімен атауға болады. Адамның білімдерінен пайда жоқ, егер олар қоршаған ортаға пайда әкелмесе. Ал оның өмірі халыққа қызмет етуге арналған», - деді Ағабек Қонарбайұлы.
Форум модераторы, «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің бас имамы Жолдас қажы Бердімұратов имамдарды құжаттарды мұқият зерделеуге және оларды орындау үшін барлық күш-жігер салуға шақырды. «Имамдар уақытпен бірге аяқ басып, мешітке келушілер деструктивтік дін ағымдардың ықпалына түспеуі үшін өз білімін үнемі жаңартып отыру керек. Біз қоғамның қандай да бір мәселелеріне, соның ішінде адасқан бауырластардың проблемаларына немқұрайлы болуға құқығымыз жоқ. Біз барлығымыз Жаратушының алдында бізді қоршаған адамдар үшін жауап береміз», - деді Жолдас қажы.
Форум спикерлері имамдармен бірлесіп діни қызметкерлердің алдында тұрған маңызды міндеттерді талқылады. Қазіргі заман имамының мешітке келушілердің көптеген мәселелерді шешуіне тура келеді. Бұл имамнан дін мәселелеріндегі жоғары білімділікті ғана емес, зайырлы қоғамның барлық мәселелерінде жан-жақты білімді болуын талап етеді.
Источник фото: mazhab.kz