ПМПИ-дегі «дөңгелек үстел»

 1124

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 1 курс студенттері үшін «Әбу Ханифа және қазақтың дәстүрлі мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы (КҚТДО) ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы З.Асанбаева, Павлодар қ. «Ақ мешіт» мешітінің бас имамы, орталықтың теологы Ж.Бертімұратов қатысты. Сонымен бірге,

филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Павлодар облысының өкілетінің баспасөз хатшысы, mazhab.kz діни-танымдық порталының бас редакторы А. Тойшыбайұлы, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Б.Сағынтайұлы, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті А.Әмренов баяндамамен сөз сөйледі.

Кездесу барысында қазақ мәдениетіндегі Әбу-Ханифа мазхабының рөлі, сонымен қоса түрлі деструктивті діни ағымдардың жастарға жағымсыз әсері мәселелері талқыланды.