Профилактикалық кездесу «Қазіргі діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл»
Облыстың мектепке дейінгі мекемелерінің педагогтық құрамы және қызметкерлері үшін профилактикалық іс-шаралар өткізу жалғастырылуда. Қазырғы таңда Павлодар қаласындағы он төрт балабақшада: № 1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12,19,21,24 профилактикалық семинарлар өткізілді.
Бүгін, 2016 жылғы 11 мамырында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі бөлімнің басшысы Асанбаева З.Ө. жалған діни ұйымдардың қоғамның санасына жасап отырған деструктивтік ықпалы туралы баяндады. Сондай-ақ Қазақстандағы дәстүрлі ислам, салт-дәстүрлер мәселелеріне тоқталды. Қазіргі қоғамда дінаралық келісімді сақтаудағы отбасылық құндылықтардың маңызы мен рөліне назар аудартты.
Тыңдаушыларға әдістемелік әдебиет таратылды, фильмдер мен роликтер көрсетілді.