Профилактикалық жұмыс тұрақты жүргізіледі

 1095

Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері Павлодар қаласы мектептерінің және колледждерінің оқушыларымен профилактикалық жұмысты тұрақты жүргізіп келеді.

Осындай кездесулерде тұрғындардың дін мәселелері бойынша сауаттылығын арттыру, радикалдық діни ағымдарға тартылу тәуекелі жөнінде сақтандыру, сондай-ақ олардың назарын дәстүрлі рухани және ұлттық құндылықтарға аудару мақсат етіледі.

9 ақпанда КҚТДО ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы З.Ө. Асанбаева және орталықтың инспекторы Р.К. Мәжитов «Діни экстремизмге және терроризмге қарсы ақпараттық іс-қимыл» тақырыбына түсті металлургия колледжінің студенттері үшін семинар өткізді