Шарбақты ауданында өткізілген Open Air іс-шарасы

 1180

5 қазанда Павлодар облысының  Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ инспекторлары Шарбақты ауданында Open Air форматында іс-шара өткізді.

КҚТДО-ның  инспекторлары ақпараттық буклеттер, кепкалар, маскалар таратып, дін және конфессияаралық қатынастар саласындағы барлық сұрақтарға жауап берді.

Бұл іс-шара ауыл тұрғындарын КҚТДО-ның  және сенім телефонының жұмысы туралы ақпараттандыру және алдын алу мақсатында өткізілді.

Акцияның негізгі міндеті -  экстремизмге  және  терроризмге қарсы іс-қимыл атмосферасын құру, сондай-ақ экстремизм мен терроризм идеяларына қарсы  тұрғындардың  иммунитетін қалып-тастыру, конфессияаралық келісім мен қоғамдық жағдайдағы тұрақтылықты нығайту болып табылады.