Состоялась первая встреча участников клуба современной казахстанской девушки

 1077

Әйелдің қазіргі қоғамдағы рөлі қандай? Бұл сұрақ адамзатты әрқашан толғандырады. Ал бүгінгі технологиялар, жаңалықтар ашу, эмансипациялар мен феминизм заманында бұл мәселе өткір қойылуда.

Бүгінгі күні қазақстандық қоғамның әлеуметтік-рухани жағдайы адамдардың тұрмысын, стилін, оның дәстүрлі қоғам құндылықтарын көзқарасын өзгертуде. Әйелдер  қатыспайтын бірде-бір  әлеуметтік-мәдени, саяси-экономикалық саланы елестетуге болмайды. ка, его отношение к нормам и ценностям традиционного общества. Қоғам  заманауи әлемдегі әйелдің орны мен рөлін өзгертуді саналы түрде сезіне бастады.  

Өкінішке орай, кейбір мұсылман әйелдер барлық уақытын отбасына, бала тәрбиесіне арнайды да, өзіне мән бермейді. Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы қыздарды ұлттық дәстүрлер мен дүниетаным негізінде заманауи тәрбие беретін клуб құру туралы бастама көтерді.

Клубқа қатысушылар апта сайын жиналып,  түрлі дағдыларды, техникаларды игеретін болады. Бір-бірімен қатынас жасау барысында олар көңілдеріне қонымды істер табады.

Алғашқы шеберлік сыныбы кулинарлық тақырыпқа арналды. Әйелдер торт пісіруді үйренді, сабақтың қызықты болғаны сонша, 4 сағат лезде өтіп кетті. Осы сабақ барысында әйелдер өз жетістіктерін, сүйікті істерін, жақсы естеліктерін ортаға салды. Торттар өте дәмді болды, өздері дәм татқаннан кейін үйдегілерге де сарқыт алды. Қатысушы  Мадина былай деп жазды: «Қайырлы кеш! Осындай іс-шара ұйымдастырғандарыңыз үшін Сіздерге көп рахмет! Үйде отырған әйелдерге бұл үлкен қолдау. Мен бұрын үйде отырып, торт пісіріп, саттым. Сіздермен қауышқаныма өте қуаныштымын!

КҚТДО қызметкерлері әйелдерге бұдан кейін мұсылман әйелдердің мүмкіндіктерін іске асырудың басқа да баламалы жолдарын іздейді.