С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттерімен кезекті профилактикалық кездесу өткізілді

 1227

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ақпараттық-түсіндіру жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы Асанбаева З.Ө. және теолог Бердымуратов Ж.К. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттерімен кезекті профилактикалық кездесу өткізілді.

Лекторлар қазіргі діни экстремизмнің және терроризмнің өзекті мәселе екенін айқындады, олардың  қатарына тарту әдістері, соның  ішінде жасөспірімдер мен жастар арасында  интернет-ресурстар арқылы тартылудың қауіптілігі туралы әңгімеледі. 

Асанбаева З.Ө. жалған діни ұйымдар кейбір жағдайларда заңды бұзатындығына, адамдарды өз ұйымдарында ұстау үшін бопсалауды пайдаланатындығына назар аудартты.

Бердымуратов Ж.К. дін негіздерін білмеу үлкен адасушылыққа соқтыратынын ескертті. Оқушыларды өздеріне және жақындарына сақ болуға шақырды. Тыңдаушыларға әдістемелік әдебиет таратылып және «Діни ағымдар», «Сирийский капкан», «Опасность за лайки и репосты» фильмдері  көрсетілді.