Татулық пен келісімнің қазақстандық моделін алға бастыру жөніндегі өңірлік семинар

 1101

Ағымдағы жылғы 17-18 мамырда Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісімі» РММ ұйымдастырған Татулық пен келісімнің қазақстандық моделін алға бастыру жөніндегі өңірлік семинар жұмысына қатысты. Павлодар - осы семинар өткізілуі көзделген төрт өңірдің біреуі болып табылады.   

Семинарға қатысушылар алдында ҚХА Хатшылығының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Л.А. Прокопенко; БҒМ қосымша және арнайы білім департаменті басқармасының бас сарапшысы  К.Е.Жахин; ҚХА кафедралары қауымдастығының төрағасы, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор А.А.Башмаков; Астана қаласы «Нұр Отан» партиясы филиалының әәлеуметтік бастамаларды талдау және болжау орталығының басшысы, философия ғылымдарының докторы, профессор К.М.Қазкенов; ҚМДБ ағарту және интернет насихаттау бөлімінің меңгерушісі, PhD докторы Е.А.Оңғаров; ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ халықаралық ынтымақтастық және медиация секторының басшысы Ж.Ж.Өсіпбекова сөз сөйледі.

Семинар-тренингтің қорытындылары бойынша қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.