Террористік және экстремистік қылмыстар үшін сотталғандармен оңалту жұмыс істейтін мамандарға арналған онлайн семинар

 1720

2020 жылғы 29 мамырда «Экстремистік және террористік қылмыстар үшін сотталғандар контингенті арасында оңалту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу»«тақырыбында оқыту семинары өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары мен модераторлары Павлодар және Қарағанды облыстарының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталықтарының басшылары Гүлназ Раздыкова мен Руслан Саматаев болды.

«ZOOM» платформасында бейнеконференция режимінде өткен іс-шараға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен ҚМДБ жанындағы оңалту орталықтарының мамандары, теологтар, психологтар қатысты.

Іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан 100-ден астам адам қатысты.

Семинар спикерлері ретінде сарапшы, психолог, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Лола Шакимова, ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев, Түркістан облысы КММ бөлім басшысы Мұрат Мұстафаев, Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы КММ қызметкерлері Дәурен Қанаев және Бекзат Есенбеков сөз сөйледі.

Семинар барысында экстремистік және террористік қылмыстар үшін сотталғандарға психологиялық кеңес беру техникасы, қайта әлеуметтендіру және оңалту процесі қаралды, сондай-ақ оңалту бағдарламаларын жақсарту және деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыста жаңа әдістемелерді енгізу бойынша ұсыныстар талқыланды.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандармен жұмыс істеудің жаңа дағдыларына үйретуге және ҚАЖ қызметкерлері мен оңалтушы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.