«Терроризм және діни экстремизм –жаңа және ескі қатерлер»

 1030

Ағымдағы жылғы 22 шілдесінде ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі бөлімнің басшысы Асанбаева З.Ө. Павлодар қ. №1 ауруханасы ұжымында «Терроризм және діни экстремизм –жаңа және ескі қатерлер» тақырыбына семинар өткізді.

Дің – ішкі саясаттағы және қоғам азаматтарының рухани өмірі мен  мәдениетііндегі аса маңызды фактролардың бірі. Зайырлы мемлекет азаматтық қоғамның жетістігі болып табылатын жоғары руханияттың дамуына мүдделі.

Өкінішке орай, кейбір азаматтарымыздың санасында зайырлық туралы жаңсақ пікірлер қалыптасқан. Зайырлықты дінге қарсы бағытталған жүйе ретінде сипаттау діни құндылықтардың зайырлы елдегі өмірщкеңдігіне күмәнмен қарауға жол ашуы мүмкін.

Осыған байланысты бүгінгі таңда жоғары руханияттың зайырлы қоғамдағы даму жолдарын жан-жақты талқылап, азаматтардың санасында зайырлық туралы дұрыс пікір қалыптастыру уақыт талабы болып табылады. Бөлім басшысы діни экстремизмнің және терроризмнің  туындауы және таралуы себептеріне тоқталды, 32-50-50 сенім телефоны туралы айтты.