«Тәуелсіздік – тірегіміз, тұрақтылық – мақсатымыз» тақырыбына мектеп оқушылары мен колледждердің, ЖОО-ның студенттері арасында AIMOB форматында интернет-байланыс арқылы өткізілетін суреттер, бейнероликтер мен демотиваторлар конкурсының ЕРЕЖЕСІ

 1721

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Жалпы ережелер

1.1. AIMOB форматында жастар ортасында діни антирадикалдық иммунитетті дарытуға бағытталған «Тәуелсіздік –тірегіміз, тұрақтылық – мақсатымыз» тақырыбына мектеп оқушылары мен колледждердің, ЖОО-ның студенттері арасында интернет-байланыс арқылы өткізілетін суреттер, бейнероликтер мен демотиваторлар конкурсының ережесін (бұдан әрі –Конкурс) Павлодар облысы дін істері басқармасының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС (бұдан әрі –Ұйымдастырушы) дайындады.

1.2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу демократия, жалпыға ортақ қолжетімділік, өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан таныту, азаматтылық, тұлғаны еркін дамыту, Конкурсқа қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау принциптеріне негізделді.

 

2. Конкурстың мақсаттары  мен міндеттері

2.1. Конкурстың мақсаттары: мектеп оқушылары мен колледждердің, ЖОО студенттеріне конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін насихаттаудағы шығармашылық идеяларын іске асыруға жағдай жасау, жастардың санасында толеранттылық дүниетанымды және радикалдық діни идеяларды қабылдамауды қалыптастыру.

 

2.2. Конкурсты ұйымдастырушының міндеттері:

- Конкурсты ұйымдастыру және өткізу;

- Конкурсқа жастардың кең және белсенді қатысуын қамтамасыз ету;

- Конкурсқа қатысушыларға діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алу жөніндегі проблемаларды шығармашылық тұрғыдан шешу мүмкіндігін беру;

- талантты және дарынды жастарды іріктеу;

- жастар арасында Қазақстан халқының дәстүрлері мен мәдени мұрасына сәйкес санын қалыптастыру;

- жастарды ұлттық, рухани және діни дәстүрлерді насихаттауға тарту;

- жастарды аналитикалық және зерттеушілік икемділіктер мен дағдыларға ынталандыру;

- авторлық тақырыптық жұмыстар құру дағдыларын үйренуге жағдай жасау;

- конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын әділ бағалайтын білікті қазылар алқасының жұмысын ұйымдастыру;

- конкурстың ақпараттық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;

- конкурстың жеңімпаздары үшін жүлделер мен сыйлықтардың жеткілікті санын сатып алу.

 

3. Конкурсқа ұсынылған жұмыстардың жалпы ережесі

3.1. Жұмыстар ата-аналар мен педагогтардың көмектерінсіз орындалуы қажет.

3.2. Жұмыстар келесі әлеуметтік желілерде орналастырылуы қажет: Instagram, Vkontakte, Facebook және #carmo2017_konkurs хештэгімен белгіленуі керек. Жұмыстар конкурсқа іріктеліп алынған соң олардың түпнұсқалары Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығына тапсырылуы керек.

3.3. Конкурсқа ұсынылған жұмыстардың түпнұсқалары болуы керек:

- суреттер А4 форматында;

- электрондық түрдегі демотиваторлар JPEG форматында;

- бейнероликтердің хронометражы 1 минуттан аспауы қажет.  

3.4. Бір қатысушының Конкурсқа ұсынған жұмыстарының саны 5 суреттен, демотиватордан, бейнероликтен аспауы керек.

3.5. Конкурсқа ұсынылған барлық жұмыс Конкурсты ұйымдастырушының меншігі болып қалады.

3.6. Жұмыстар жеке және ұжымдық (үш адамнан аспайтын) орындалуы мүмкін.

3.7. Конкурс шеңберінде ұсынылған жұмыстарға авторлық құқықтар сақталады, сондай-ақ «КҚТДО» ЖШС-ның конкурсқа ұсынылған жұмыстарды тұтас немесе ішінара өз мақсаттарында қолдану құқығы бар.

 

2-тарау. Конкурстың ұйымдастырушысы

 

4. Ұйымдастырушының функциялары мен міндеттері

4.1. Конкурстың ұйымдастырушысына Конкурсты өткізуді үйлестіру бойынша келесі функциялар жүктеледі:

- конкурсты өткізу шарттарын белгілеу;

- осы Конкурсқа қатысуға өтінім берген конкурстық жұмыстарға талаптарды белгілеу;

- өтінімдер беру және Қазылар алқасының дауыс беру мерзімдерін бекіту;

- конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлерін, Қазылар алқасының дауыс беру тетіктерін тағайындау;

- қазылар алқасынынң құрамы туралы шешім қабылдау;

- конкурстың ақпараттық-жарнамалық науқаны шеңберінде іс-шаралар өткізу;

- конкурстың нәтижелері туралы ақпарат тарату.

 

5. Конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау

5.1. Әлеуметтік желілерде жарияланған жұмыстарды Ұйымдастырушы Конкурсқа қатысушыларға қойылған талаптарға сәйкестігін тексеріп, бағалау үшін қазылар алқасының мүшелеріне береді.

 

6. Конкурсты өткізу мерзімдері

6.1. Конкурсты өткізу мерзімдері 2017 ж. 1 қазаннан бастап 20 қараша аралығында.

6.2. Конкурстық жұмыстарды бағалайтын қазылар алқасының жұмысы 2017 жылғы 21-25 қарашада өтеді.

6.3. Үздік жұмыстар Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының  www.carmo-pvl.kz.сайтында жарияланады.

6.4. Конкурс жеңімпаздарын  наградтау салтанаты 2017 жылғы 30 қарашада болады.

 

3-тарау. Конкурстың қазылар алқасының жұмысы

 

7. Қазылар алқасының құрамы мен функциялары

7.1. Конкурстық қазылар алқасының құрамын  Конкурсты Ұйымдастырушы белгілейді. Оның құрамына 4 адам енеді.

7.2.Қорытындыларды шығару кезінде дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болады.

7.3. Қазылар алқасы конкурстық жұмыстарды бағалайды және Конкурстың жеңімпаздарын белгілейді.

7.4. Шығармашылық жұмыстарды бағалау критерийлері:

- Мазмұндылығы және конкурстың мақсатына сәйкестігі;

- Тарихи шындығы, шынайылығы және қисындылығы;

- Рухани-адамгершілік бағдарларды насихаттауы;

- Бірегей идеялар, шығармашылық ойы және жүзеге асырылуы;

- Көркемдік деңгейі;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік-конфессионалдық саясатының негіздерін білуі.

7.5. Қазылар алқасы конкурстық жұмыстарды бағалайды және Конкурстың жеңімпаздарын белгілейді. Қазылар алқасының ұйғарымы шешуші болып табылады және талқылауға жатпайды.

 

4-тарау. Конкурстың нәтижелері

 

8. Конкурстың нәтижелерін жариялау

8.1.Конкурстың нәтижелерін Ұйымдастырушы Конкурстың қорытындылары шығарылғанннан кейінгі бес күн ішінде Конкурстың http://www.carmo-pvl.kz  ресми сайтында жариялайды.

 

9. Конкурстың жеңімпаздары

9.1. Конкурстың жеңімпаздары 3 номинацияда танылады:

- Үздік сурет;

- Үздік демотиватор;

- Үздік бейнеролик.   

9.2. Конкурстық комиссия үш жеңімпазды айқындайды және әр номинация бойынша 1,2,3-орындарды береді.

9.3. Конкурстың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен наградталады. Конкурстық комиссияның шешімі бойынша жеке номинациялар шеңберінде арнайы жүлделер тағайындалуы мүмкін.

9.4. Жүлделер мен сыйлықтарды табыстау орны мен уақыты туралы ақпарат www.carmo-pvl.kz сайтында орналастырылады және наградтау рәсіміне шақыру жайында телефон арқылы хабарланады. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарды наградтау уақыты мен орнын ауыстыру құқығын өздеріне қалдырады.