В мечети им. Машһур Жүсіп состоялся областной Форум «Религия и женщина»

 888

2017 жылғы 14 қыркүйекте Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы әйелдер жамағатымен және әйелдер ұйымдарының өкілдерімен Мәшһүр Жүсіп мешітінің базасында «Дін және әйел» облыстық форумын өткізді. 

Форумның жұмысына «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС директоры Раздықова Г.М., ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істер комитеті Ғылыми-зерттеу және аналитикалық орталығының директоры Әбдірасылқызы Айнұр, теолог, мешітттің ұстазы Талқанбаева Қарлығаш Қажымәлікқызы қатысты. 

Форумның  жұмысында дін мен әйелдердің өзара қарым-қатынастарының түрлі аспектілерін, зайырлы қоғамның  дәстүрлі және мәдени нормаларына сәйкес діни сананың қалыптасуы жолдарын, әйелдерді діни радикалдардың  құрбаны етіп, отбасында және қоғамда кемсітушілікке  ұшырататын діни радикализмнің және экстремизмнің ықпалының әсіресе әйелдер қауымы арасында таралуына жол бермеу, сондай-ақ дәстүрлі құндылықтарды сақтау, қоғамдағы және отбасындағы жағдай, жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру, жастар мен діннің проблемалық аспектілерін  мәселелерін талдау үшін пікірталас алаңы құрылды