«Заманауи терроризм. Жаңа сындар және қауіп-қатерлер: теория мен практика» ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 1129

2016 жылғы 16 қарашада Павлодар қ. «Достық Үйінде» Павлодар облысы дін істері басқармасының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Заманауи терроризм. Жаңа сындар және қауіп-қатерлер: теория мен практика» тақырыбына ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференц-залда қалалар мен аудардардың ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, облыс білім беру мекемелері қоғамдық пәндерінің мұғалімдері, мұсылман діни қауымдастығының өкілдері және республиканың түрлі аймақтарынан шақырылған қонақтар жиналды.

Лектор ретінде «Нұр Мүбәрак» ислам мәдениеті Египет университетінің ректоры Жуда Абдулғани Басюни, Деструктивті діни ағымдардың құрбандарына көмек Орталығы төрағасының орынбасары, Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі жанындағы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теолог-дінтанушы Рүстем Сыздықов, қоғам қайраткері, жазушы Зейнеп Ахметова сөз сөйледі.

Конференция шеңберінде деструктивтік табынуларға, экстремистік және террористік ұйымдарға тартылған тұлғалармен жұмыстың жаңа нысандары мен әдістерін талқылау, діни радикализмге қарсы іс-қимыл саласында жұмыс жасайтын мамандарды оқыту, тыңдаушылардың мемлекеттік конфессияаралық саясатты іске асыру мәселелері бойынша кәсіби білімдерін арттыру және дағдыларын жетілдіру мәселелері талқыланды.