«Заманауи терроризм. Жаңа сындар және қауіп-қатерлер: теория мен практика» тақырыбына ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы шеңберіндегі семинар

 1083

«Заманауи терроризм. Жаңа сындар және қауіп-қатерлер: теория мен практика» тақырыбына ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы шеңберінде Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледжде қалалар мен аудардардың ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, облыс колледждері мен мектептері дінтану пәндерінің мұғалімдері, мұсылман діни қауымдастығының өкілдері үшін семинар өтті.

Фокус-топтар жұмысында діни уәжделген зорлық экстремизміне және халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу іс-шараларын өткізу ерекшеліктері қарастырылды. Аталған тақырып Қарағанды облысының дінтанушысы, «Нұрлы білім» ҚҚ төрағасының орынбасары Р.Сыздықовпен ашылды. Семинар жұмысында әйелдер жамағатымен жұмыс жөніндегі мәселелер Шығыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры И.Беркімбаевамен қозғалды. «Нұр Мүбәрәк» ислам мәдениеті Египет университетінің докторанты, теолог Е.Шохаев мұсылман жамағатымен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің әдістері туралы айтты.

Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.