Заместитель Председателя комитета по делам религий Ануар Хатиев встретился с сотрудниками УДР и ЦАРМО Павлодарской области

 1026

Бүгін, 3 наурызда, республиканың барлық өңірлерінде «Стратегиялық сессияларды» өткізу аясында Дін істері комитетінің төрағасының орынбасары Ануар Хатиев Павлодар облысының Дін істері басқармасы мен «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» мәселелерді зерттеу орталығы» КММ басшылығы және қызметкерлерімен кездесті.

Сонымен қатар, іс-шараға ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, дін өкілдері, өңірдің теологтары мен дінтанушылары, сондай-ақ Дін істері комитетітің басшылық құрамы қатысты.

Кездесу барысында А. Хатиев өткен жылы Павлодар облысының дін саласында қол жеткізген бірқатар оң нәтижелерін атап өтті – өңірде «Жусан» арнайы операциясы аясында оралған әйелдердің 100% -ы оңалтылды. Сондай-ақ, биылғы жылы маңызды мақсат – азаматтардың 70%-ын ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарымен қамту қажет екенін атап өтті.

Сонымен бірге, Төрағасының орынбасары теологтардың кадрлық әлеуетін арттыру және оларды ақпараттық-түсіндіру және оңалту іс-шараларына одан әрі тарту, сондай-ақ түрлі диалог алаңдары аясында діни бірлестіктер өкілдерімен сенімді қарым-қатынас орнату қажеттілігіне назар аударды.Осының барлығы елдегі конфессияаралық келісімді сақтауға және нығайтуға қызмет етеді.

Іс-шара кезінде Комитет қызметкерлері бірқатар өзекті сұрақтарға жауап беріп, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жетілдіру бойынша пікір және ұсыныстар алмасты.