Железин ауданының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған оқыту семинары

 722

Железин ауданының ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті.

Семинарда дәріскерлер ретінде сөз сөйледі: Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының (КҚТДО)  ақпараттық-түсіндіру жұмыс бөлімінің басшысы Зайда Асанбаева және КҚТДО-ның сарапшы-теологы Жолдас Бертымұратов болды.                         

Семинарда ҚР аумағында тыйым салынған экстремистік және террористік ұйымдар, әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстардағы ақпараттық қауіпсіздік шаралары сияқты мәселелер қаралды. Ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ)  мүшелеріне әдістемелік және өзге де көмек көрсету КҚТДО қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Қатысушылардың пікірінше, аталған семинарды ұйымдастыру АТТ мүшелерінің жергілікті жерлердегі кәсіби құзыреттілік деңгейін көте-руге мүмкіндік береді.