Железин ауданының тұрғындарына арналған көшпелі семинар

 840

Ағымдағы жылғы 8 қыркүйекте конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы Железин ауданының Уәлиханов, Михайловка, Жаңажұлдыз, Железинка ауылдарында тұрғындармен кездесіп, алдын алу жұмыстарын өткізді.

Орталықтың директоры Раздықова Г.М. қазіргі заманғы экстремизмнің және терроризмнің өзекті мәселеріне тоқталып, интернет-ресурстар арқылы жастарды тартудың қауіптілігі жайында айтты.

Орталықтың теологі Бердімұратов Ж.Қ. жалған ұйымдардың бұқараның санасына тигізетін деструктивтік ықпалы жайына, дәстүрлі және дәстүрлі емес исламның мәселелеріне тоқталды. 

Ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Асанбаева З.Ө. ҚР Тәуелсіздігі жарияланғанннан кейін діни сенім бостандығының құқықтық базасы құрылғанын айтты. Осыдан кейін байқайтынымыз – дәстүрлі ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі емес, деструктивтік, тоталитарлық сипаттағы ағымдар тарала бастады. Қазіргі заманғы экстремизмнің және терроризмнің өзекті мәселеріне басты назар аударылды.

Семинарға қатысушыларға 32-50-50 сенім телефонының жұмысы жайлы айтылды, әдістемелік әдебиет таратылды, «Опасность интернет вербовки», «Чужая война» фильмдері көрсетілді.