ZOOM алаңында облыстың қалалары мен аудандары прокуратурасының қызметкерлеріне арналған онлайн семинар өтті

 642

2021 жылғы 8 қыркүйекте Орталық басшысы Г.М. Раздықова және сарапшы-теолог Ж. Қ. Бердімұратов «Павлодар облысындағы діни ахуал» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Дәріскерлер бүгінгі таңда өңірдегі діни ахуал тұрақты екенін атап өтті. Мемлекеттік құрылымдар мен дәстүрлі конфессиялар көшбасшыларының жастарға дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндірудегі және радикалды иммунитетке баулудағы ынтымақтастығының рөлі айтылды.

Интернет желісінде экстремистік материалдарды тарату және сапалы қарсы насихат жұмыстарын жүргізу мәселесіне ерекше назар аударылды.