ZOOM алаңында семинар өткізілді

 1268

Павлодар облысы мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Деструктивті діни ұйымдарға балаларды тартудың алдын алу» тақырыбындағы  семинар.

Семинар жас ұрпақты деструктивті культтер  мен ағымдарға тарту қауіптілігін түсіндіру, жастарды толеранттылық, өзара құрмет пен ізгілік рухында тәрбиелеу    мақсатында өткізілді.

Спикер ретінде Орталықтың ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы З.Асанбаева сөз сөйледі, ол Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық саясат және толеранттылық; тыйым салынған экстремистік және террористік ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында экстремистік деп танылған ұйымдар туралы ақпараттық материалдар; экстремистік және деструктивті ұйымдардағы сананы бақылау және манипуляциялау әдістері мен нысандары; әлеуметтік желілер мен интернет ресурстардағы ақпараттық қауіпсіздік шаралары сияқты мәселелерді атап өтті.